Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана-Щучинск тас жолынан 71 адам құтқарылды

Оқиға
Астана-Щучинск тас жолынан 71 адам құтқарылды

Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен «ҚазАвтоЖол» мамандары жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Мамандар жол ашу үшін жол ортасындағы жолды бөліп тұрған темір қоршауларды алып тастап жатыр.

2025 жылғы 3 қаңтарда сағат 17.30 - дағы жағдай бойынша Авариялық-құтқару жұмыстарына  барлығы 152 адам және 68 бірлік техника жұмылдырылды.

Авариялық-құтқару жұмыстары барысында 71 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Олар жылыту пунктіне жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Тағы 11 адам құтқарылды, оның 10-ы Макинск аудандық ауруханасына жатқызылды.

Ақмола облысында  Макинск қ., Қоғам, Жаңаталап, Алтынды ауылдарында жылыту пункттері жұмысын жалғастыруда.
Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу