Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада атқыштар клубында жас жігіт өз-өзін атып өлтірді

Оқиға
Астанада атқыштар клубында жас жігіт өз-өзін атып өлтірді

Астанада оқ атқыштар клубтарының бірінде жас жігіт өзіне-өзі қол жұмсады. Мұны қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде 19 жастағы Астана тұрғыны атқыштар клубына келіп, өзін қарумен басынан атып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Ол бұл клубтың тұрақты клиенттерінің бірі болған.

Астананың 19 жастағы тұрғынының мәйіті табылған соң қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, деп хабарлады полиция.

Оқиғаның егжей-тегжейі айтылмады.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу