freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада автобус аялдамаға соғылды

Оқиға
Астанада автобус аялдамаға соғылды
әлеуметтік желіден

Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 18 наурыз күні Сейфуллин көшесінде болған. 

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, аялдама № 10 емхана маңында орналасқан.

Оқиға кезінде автобус жүргізушісі аялдамаға жақындағанда көлік тізгініне ие бола алмай, аялдама құрылымына соғылған.

— Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды, жылдамдық режимін бұзбауды және қоғамдық көлік аялдамалары маңында барынша сақ болуды ескертті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу