Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада балалар травматологиясы мен жедел жәрдем желісі күшейтіледі

Денсаулық
Астанада балалар травматологиясы мен жедел жәрдем желісі күшейтіледі
ФОТОЛАР: ©Астана қаласы әкімдігі

Астанада қаланың дамуына сай әлеуметтік инфрақұрылымды, соның ішінде денсаулық сақтау саласын нығайтуға басымдық берілуде. Соңғы жылдары елордада 21 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді. Олардың қатарында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, сондай-ақ тұрғындарға қолжетімді болу үшін емханалар жанынан ашылған 19 филиал бар.

Олардың қатарында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, сондай-ақ тұрғындарға қолжетімді болу үшін емханалар жанынан ашылған 19 филиал бар.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, халық санының тұрақты өсуі медициналық қызметтерге деген сұранысты арттырып отыр. Осыған байланысты алдағы кезеңде бірқатар жаңа нысандардың құрылысы басталмақ.

– Есіл және Нұра аудандарында екі жаңа емхана, Алматы ауданында перинаталдық орталық, заманауи көпбейінді қалалық аурухана, сондай-ақ Есіл ауданында балаларға арналған травматологиялық пункт салу жоспарланып отыр, –

деді қала әкімі.

Сонымен қатар, қалалық №2 аурухананың қабылдау-диагностикалық кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Ал Сарыарқа ауданында перинаталдық орталық салу жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Биылғы жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» вокзалы маңында бір ауысымда 350 адамды қабылдай алатын жекеменшік емхана ашу көзделіп отыр. Бұл нысан мемлекеттік тапсырыс аясында тұрғындарға қолжетімді медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, алдағы үш жылда елордада денсаулық сақтау саласына қатысты 11 жаңа нысан салу жоспарланған. Олардың қатарында:

  • Алматы ауданындағы перинаталдық орталық,
  • жаңа көпбейінді қалалық аурухана,
  • 6 толық форматтағы емхана (оның 2-еуі мемлекеттік),
  • жедел медициналық жәрдемнің 3 қосалқы станциясы бар.

Бұл жобалар елорда тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырып, саланың сапалы дамуына серпін бермек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу