Астанада 29 жастағы шетел азаматы BMW көлігімен көшенің қақ ортасында қауіпті маневр жасап, дрифт ұйымдастырған, деп хабарлайды Malim.kz.
Полиция қызметкерлері жүргізушіні анықтап, оған қатысты көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу және ұсақ бұзақылық фактілері бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Ал оның басқаруындағы автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.