Ауа райының нашарлауына байланысты 10 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауысады, деп хабарлайды Malim.kz елордадағы білім басқармасына сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, температура -30°C-қа дейін төмендеуі күтіледі. 9 желтоқсан күні сағат 20:00-ден бастап Ақмола облысының барлық бағытында дизельмен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі.