freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада өрттен үш баланың қаза табуы: қылмыстық іс қозғалды

Оқиға
Астанада өрттен үш баланың қаза табуы: қылмыстық іс қозғалды
ПД баспасөз қызметінің фотосы

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түнде болған өрт салдарынан балалар қаза тапты. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Астана қалалық полиция департаменті. 

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдарының қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі", — деп хабарлады департамент өкілдері.

Оқиға орнында полицейлер аумақты қоршауға алды. Арнайы техниканың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй кешенінің ауласы тұраққа қойылған көліктерден босатылды.

12 сәуірге қараған түні Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Пәтерден үш баланың мәйіті табылды. Өртсөндірушілер бір әйелді құтқарып қалды, ол денесін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шығып үлгерді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу