Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Полиция мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдіктерді ұстады

Құқық
Полиция мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдіктерді ұстады

«Құқықтық тәртіп» операциясын жүргізу барысында елордалық полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматтарды ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz жазуынша, полиция қызметкерлері көлік ұрлағаны үшін іздеуде жүрген Тәжікстан азаматын ұстаған. Ол 2023 жылы Турсунзаде қаласының Дахбед ауылында мас күйінде құлыпталмаған Daewoo Tico көлігіне отырып, жасырынуға тырысқан. Алайда, көлікті басқара алмай, бетон бордюрға соғып, 6163 сомони көлемінде зақым келтірген.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 2017 жылдан бері өз елінің аумағында алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Ол отандасына пәтерді 7 мың долларға сатуға көмектесуге уәде берген. Алайда алдын-ала 5 мың доллар төлем алғаннан кейін, ақшаны иемденіп тайып тұрған.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу