Бүгін әлеуметтік желіде жерде жатқан бір баланы бір ұлдың ұрып жатқаны, ал айналасындағы оқушылар видеоға түсіріп, қарап тұрғанына қатысты видео тараған еді. Оқу-ағарту министрлігі осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
«Астана қаласында орын алған жағдайға байланысты мынаны хабарлаймыз: оқиғаға қатысқан жасөспірімдердің бәрі анықталды. Қоғамдық орында бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлайды министрлік.
Дереккөз төбелесіп жатқан қай мектептің оқушылары екенін хабарлаған жоқ. Бірақ, олар мектеп ішіндегі есепке алынғаны белгілі болды.
Фото: скрин