freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада жанып жатқан үйден құтқарушылар 9 газ баллонын алып шықты

Оқиға
Астанада жанып жатқан үйден құтқарушылар 9 газ баллонын алып шықты
Фото: ТЖМ

7 мамыр күні 112 пультіне Астананың Байқоңыр ауданындағы Малахов көшесінде орналасқан бір қабатты жеке үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Malim.kz.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар 9 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың және одан да ауыр салдардың алдын алды. Сондай-ақ өрттің көрші үйлерге таралуына жол берілген жоқ, деп хабарлады ТЖМ.

Ведомство мәліметінше, өрт толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт 60 шаршы метр аумақты қамтыған.

Бұған дейін Қарағанды облысының Шахтинск қаласында ондаған адамды құтқарғаны үшін бес полицей марапатталған еді.

Еске сала кетейік, 23 наурызға қараған түні көпқабатты үйлердің бірінде жарылыстан кейін өрт болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу