Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астаналық шенеунік салықты қайтару үшін кәсіпкерден пара алған

Құқық
Астаналық шенеунік салықты қайтару үшін кәсіпкерден пара алған

Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы кәсіпкерден қосылған құн салығын қайтаруға көмектескені үшін пара алған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының қосылған құн салығы (ҚҚС) аудит бөлімінің басшысы Р. Тілегеновке қатысты үкім шығарды. Ол ЖШС директорынан қосылған құн салығын қайтаруға (36 млн теңге) көмектесіп, 3,6 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», - деді Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Сот үкімімен лауазымды тұлға мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына және 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Фото: Freepik 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу