Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астраханға Иван Грозныйдың ескерткіші қойылатын болды

Әлем
Астраханға Иван Грозныйдың ескерткіші қойылатын болды

IMAGE:©business-gazeta.ru

 

Бұл туралы Бизнес-онлайн басылымы хабарлайды.

Қазір ескерткіш қойылатын орын анықталған. Бұдан 6 жыл бұрын, негізінен татар ұлтының өкілдері ескерткішке қарсы болып, орнату мәселесі кейінге шегерілген екен. Ал қазір ескерткіштің орнауын "тіпті Астрахан мүфтиі де қолдайды" деп жазады басылым. Оның үстіне, 12-14 қыркүйек аралығында өткен дауыс беру нәтижесінде, оған қатысқан 30 мыңдай адамның 20 мыңдайы ескерткіш орнатуды жақтап дауыс беріпті.

Өңірлік татар ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Динара Межитова ескерткіш орнатуды өте нәзік мәселе деп есептейді. Оның айтуынша, "ескерткіш орнату мәселесі - жауабы көп сұрақ".

Иван Грозный - орыс патшасы. Тарихи деректер бойынша, 1554, 1556 жылдарғы жорығы кезінде Астраханды орыс мемлекетіне қосып алған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу