Атырауда мектеп маңында сегіз жастағы қызды көлік қағып кетіп, ол мерт болды. Полиция тергеу амалдарын бастады, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп.
Бүгін таңғы сағат 07:45-те Toyota Hiace жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен. Атырау облыстық Полиция департаменті мәліметінше, мектеп оқушысы оқиға орнында көз жұмды.
"Дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Бұл ретте ведомство жүргізушіге қатысты қандай шара қолданылғанын нақтыламады.