Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда полиция қызметкері адам өлімі үшін сотталды

Оқиға
Атырауда полиция қызметкері адам өлімі үшін сотталды

Атырауда полиция қызметкері түскі асқа кеткенде, қамауға алынған адам асылып қалған, деп хабарлайды malim.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінің дерегіне сәйкес, 10 наурыз күні полиция қызметкерлері қалалық полиция басқармасына 52 жастағы ер адамды әкеліп тастайды.

Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы, "Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер" бойынша ұсталып, камераға отырғызылды.

Полиция офицері Бекжанов өзінің міндеттеріне сәйкес тәулік бойына арнайы бөлмеде болып, тіртіпті қадағалауы керек еді. Алайда ол түскі асқа кеткен, сол кезде камерадағы адам асып, мерт болған.

17 сәуірде сот үкімімен Бекжанов ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы, 2-бөлігі, яғни "Абайсыздықтың салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соғуы" бойынша кінәлі деп танылды. Ол 1,5 жылға сотталды.

Фото: opennews

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу