freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атыраудағы ауыр қылмыс: Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйітінен өткір заттың іздері анықталды

Қоғам
Атыраудағы ауыр қылмыс: Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйітінен өткір заттың іздері анықталды
коллаж: politico.kz

Атырау қаласының «Геолог» ықшамауданындағы үйлердің бірінің жанынан табылған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мәйіттерін тексеру барысында денелерінде өткір заттан салынған жарақаттар анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеп. 

Полиция өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта марқұмдардың нақты неден және қашан көз жұмғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

«Денелерде өткір затпен салынған жарақаттар бар. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша өлімнің нақты себебі мен уақыты белгілі болады», — деді Құттыбай Садықов.

Еске сала кетейік, бұған дейін аталған отбасының әкесі мен анасының да мәйіттері үй ауласынан табылған болатын. Қылмыс жасады деген күдікпен марқұмдардың бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев пен қызы Ақбаян Мұқанғалиева Индонезияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Ақбаян Мұқанғалиева психиатриялық орталыққа жатқызылды. Кеше ағалы-қарындастың мәйіттері жер қойнына тапсырылған болатын. Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу