freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атыраудағы қанды қылмыс: күдіктілердің ұсталған видеосы жарияланды

Құқық
Атыраудағы қанды қылмыс: күдіктілердің ұсталған видеосы жарияланды
видеодан скриншот

ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер мен әйел адамды ұстады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынған, деп хабарлайды Malim.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде күдікте деп танылған азаматтардың ұсталған видеосы таралды.

Естеріңізге салсақ, тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қараша айында Атырау облысында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған. Қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен қаражатын иемденген.

Қазіргі уақытта оларды Қазақстанға депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу