freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атыраудағы трагедия: Күдікті ерлі-зайыптының Индонезияға қашан барғаны белгілі болды

Қоғам
Атыраудағы трагедия: Күдікті ерлі-зайыптының Индонезияға қашан барғаны белгілі болды
Alash.kz коллажы

Атыраудағы резонансты қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның Индонезияға қашан барғаны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Комиссар Рикки Пурнаманың мәліметінше, Ломбок аралындағы қонақүйге полиция кірген сәтте Сәрсемәлиев қашып кетуге талпынған. Алайда ол оқиға орнында ұсталған.

Күдіктіні ұстау операциясына Индонезиядағы Интерпол Ұлттық орталық бюросының өкілдері, Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметі қатысқан.

Полиция дерегіне сүйенсек, Сәрсемәлиев пен Мұқанғалиева 2025 жылдың 14 желтоқсанында Малайзияның Куала-Лумпур қаласынан Бали аралына ұшып барған. Кейін олар Ломбок аралына көшіп, ұсталғанға дейін сонда тұрған.

Қазіргі уақытта Индонезия тарапы екі күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесін қарастырып жатыр.

Бұған дейін Қазақстан Ішкі істер министрлігі күдіктілерді ұстау сәті түсірілген бейнежазбаны жариялаған болатын.

Атыраудағы жұмбақ қылмыс

2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау облысы полициясы із-түзсіз жоғалған бір отбасының төрт мүшесіне іздеу жариялады. Кейіннен олардың қызы мен күйеу баласының да жоғалғаны белгілі болды.

2026 жылдың қаңтар айының басында Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіттері өз үйлерінің ауласындағы шаруашылық ғимаратынан шамамен бір метр тереңдіктен табылды. Ал олардың балалары – Мейрамгүл Мұқанғалиева мен Наурыз Мұқанғалиев әлі күнге дейін табылған жоқ.

Тергеу материалдарына сәйкес, оқиғаға дейін белгісіз біреу ұлдарының атынан "ата-анамды Ташкентке емдетуге апарамын" деген сылтаумен ұсақ малды сата бастаған. Туыстары күмәнданып, ірі қара малды сатуға жол бермеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу