Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Аудармашы көз жасын тыя алмады": 11 жастағы украиналық бала соғыста басынан өткен сұмдық жайтты айтты (ВИДЕО)

Әлем
"Аудармашы көз жасын тыя алмады": 11 жастағы украиналық бала соғыста басынан өткен сұмдық жайтты айтты (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Еуропарламентте 11 жастағы Роман Олексивтің сөзі талайды толқытты. Ресей әскерінің 2022 жылғы 14 шілдеде Винница қаласына жасаған ракеталық шабуылы кезінде аман қалған бала депутаттар алдында өз басынан өткен сұмдықты баяндап берді. Оның сөзін аударып тұрған Еуропарламент вице-президентінің ассистенті көз жасына ерік беріп, сөйлей алмай қалған сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

"Азаттық Радиосы" жариялаған видеодан аудармашының эмоциясын жасыра алмағанын көруге болады. Роман анасы өмірінің соңғы сәтінде оның жанында болғанын айтқан кезде, ол жылап жіберіп, аударманы басқа қызметкер жалғастыруға көмектесті. Кейін өз-өзіне келіп, сөзді қайта аударып жалғастырды.

Роман депутаттарға өзінің ұзақ емделгені туралы айтты. Ол шабуылдан кейін комаға түскен, реанимацияда 100 күннен аса уақыт жатқан, 36 рет ота жасалған. Германияда үш жылға жуық оңалтудан өткен. Оның денесінің 45%-ы күйіп, 35%-ы – ішкі күйік, қолы сынған, беті, аяғы, кеудесі жарақаттанған. Тыныс жолдары зақымданып, бас сүйегіне жарықшақтар кірген.

"Мен сіздерге бір нәрсе айтқым келеді: біз бірге болғанда – күштіміз. Ешқашан берілмеңіздер. Украин балаларын қорғауға көмектесіңіздер", – деді Роман.

Ол бастан кешкендеріне қарамастан, қайтадан мектепке барып жүр, би мен музыкаға оралды. Украина Президентінің атынан марапат алған.

Роман Еуропарламентке өзінің тарихын айту үшін арнайы көрсетілген "Ромчик", "Балалар үшін Путин" және "Чили" фильмдерінің көрсетіліміне келді. Көрсетілім кезінде көптеген депутат та көз жасын тия алмады.

Оқиға 2022 жылы 14 шілдеде Винница орталығына жасалған ракеталық соққыдан басталды. Роман ол кезде анасымен бірге медициналық клиникаға бара жатқан. Анасы оқиға орнында қаза тапты. Роман ауыр жарақатпен аман қалып, сол күннен бастап өмір үшін күресті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу