Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балаларын алып Бурабайға демалуға кетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Жақында ғана ауруханадан шыққан Қайрат Нұртастың әйелі балаларымен уақыт өткіземін деп шешкен.
Отбасылық видеоны Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Актриса мұндай шешімді ауруханада жатып қабылдағанын айтады.
Екі апта клиникада ем алып жатқанда, осыны ойладым. Шыққан бойда балаларымды құшақтап, Бурабайға кетемін дедім. Үйде оларға бас-көз болып отырған әпкеме бұл ойымды айтқанда, бірден қолдай кетті.
Қаудаланған жұмысты да, жауапсыз қалған қоңырауларды да, бәрін-бәрін шегеріп тастап, жолға шығып кеттік. Тыныштығым осы ма дерсіз?! Балаларымның күлкісі, сұлу табиғат, жылқы, тау мен тас, ну орман, өзен-көлдер… Дауасы осы екен.
Еш терең ойсыз, астарсыз оқып көріңізші. Сезініп көріңізші, - деді Жұлдыз.
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial