freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

“Ауылда тұратындарды менсінбейтінмін”: Құралай ханым сырын айтты

Қоғам
“Ауылда тұратындарды менсінбейтінмін”: Құралай ханым сырын айтты
Фото: скриншот

Танымал коуч, психолог әрі ментор Құралай ханым Жанар Байсемізге берген сұхбатында кезінде ауылда тұратын адамдарға менсінбей қарағанын және бұл көзқарасы уақыт өте өзгергенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz, turkystan_kz парақшасына сілтеме жасап.

Құралай ханым жас кезінде өзін тәкаппар ұстағанын жасырмады. Оның айтуынша, тіпті жолдасын ғана емес, тұтас ауылды менсінбеген кездері болған.

"Өзім өсіп жатқан кезде менсінбеушілік болды. Жолдасым тұрмақ, бүкіл ауылды менсінбеген кезім болды. Енді ол тәкаппарлық. Жас болдым. 19 жасымда тұрмысқа шықтым. Бала кезімнен “ауылда адам тұра ма, қалада тұру керек қой” деп айтатынмын", - дейді ол.

Алайда тағдыр оны Алматы маңындағы Қошмамбет ауылына алып келген. Құралай ханымның сөзінше, алғашында ауыл өміріне үйрену оған оңай болмаған.

"Ауылдың қасында сиыр фермасы, тауық фермасы бар. Солай Қошмамбетті қабылдай алмай, 20 жыл алысыппын. Балаларым қаланың мектебінде оқығанын қаладым", - деді ол.

Ол ауылдағы дүкеніне ішкеннен кейін басы ауырып келген адамдарды көргенде, өзін басқа ортада өскен адам ретінде қабылдап, тәкаппарлық танытқанын да мойындады.

Уақыт өте Құралай ханымның ауылға деген көзқарасы өзгерген. Оның айтуынша, Қошмамбеттің танымал болуы да елді мекенді қабылдауына әсер еткен.

"Қошмамбетті мені бәрі таниды. Енді бүкіл Қазақстан таныса екен дедім. Қазір шынымен Алтынаймен көрші тұрамыз. Сонда ауылдың кісілерін қабылдамайтынымды, тәкаппарлық танытатынымды түсіндім", - дейді Құралай ханым.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу