Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Аягөзде сарбаз көпшіліктің алдында есінен танып қалған

Оқиға
Аягөзде сарбаз көпшіліктің алдында есінен танып қалған

Аягөз гарнизонында әскери ант қабылдау кезінде сарбаз есінен танып қалған, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде таралған видеодан жігіттің кенет есінен танып қалғанын, әріптестерінің оны ұстап алып, есін жиюға көмектеспек болғанын көруге болады.

Аягөз гарнизоны оқиғаның әскери ант қабылдау кезінде болғанын растады.

«Медициналық тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметкердің денсаулығына қатты қобалжу себеп болғаны анықталды. Сарбаздың денсаулығы жақсы, денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, қауіп-қатер жоқ. Медициналық көмек дер кезінде және толық көлемде көрсетілді», – делінген Аягөз гарнизонының хабарламасында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу