freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БАӘ-де көз жұмған апалы-сіңлілердің өлім себебі айтылды

Қоғам
БАӘ-де көз жұмған апалы-сіңлілердің өлім себебі айтылды
Фото: скриншот

Біріккен Араб Әмірліктерінде көз жұмған қазақстандық апалы-сіңлілі Ақжан мен Жұлдыз Бохановалардың қайтыс болу туралы құжаттарында жүректің тоқтауы өлім себебі ретінде көрсетілген, деп хабарлайды Malim.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмдардың денесі сенбіге қараған түні Қазақстанға жеткізілген. БАӘ полициясы оларды әкесіне туыстық байланысты растау үшін ДНҚ сараптамасынан өткеннен кейін ғана тапсырған.

Қыздардың әкесі Мейрам Бохановтың айтуынша, әзірге олардың нақты неден көз жұмғаны белгісіз. Отбасы сараптаманың ресми қорытындысын күтіп отыр.

"Жүрек тоқтады деп айтып жатыр. Бірақ олардың нақты қалай қайтыс болғанын, қалай өлтірілгенін білмейміз. Интернетте тарап жатқан ақпараттың бәрі жалған. Сенбеңіздер. Ресми сараптама қорытындысы шыққаннан кейін ғана нақты айта аламыз", - деді қыздардың әкесі Tengrinews.kz-ке.

Ақжан мен Жұлдыз былтыр желтоқсанда Шарджа қаласына жұмыс істеуге кеткен. Ата-анасының сөзінше, олар сол жақтағы сұлулық салонында еңбек еткен. Кейін қыздар байланысқа шықпай қалған.

Бұған дейін аталған іс бойынша күдіктінің ұсталғаны белгілі болған. Қыздардың әкесінің мәліметінше, күдікті де Қазақстан тумасы. Ал апалы-сіңлілердің денесі жалдамалы пәтерден табылған.

Қазір отбасы екі қыздың өмірінің соңғы күндерінде не болғанын анықтауға тырысып жатыр. Істің нақты мән-жайы мен өлім себебі ресми сараптама нәтижесінен кейін белгілі болуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу