freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БАӘ-де көз жұмған апалы-сіңлілі қыздардың денесі жер қойнына тапсырылды

Қоғам
БАӘ-де көз жұмған апалы-сіңлілі қыздардың денесі жер қойнына тапсырылды
Ақжан мен Жұлдыз. Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Біріккен Араб Әмірліктерінде көз жұмған қазақстандық апалы-сіңлілі Ақжан мен Жұлдыз Бохановалардың денесі елге жеткізіліп, жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресми құжатта бойжеткендердің жүрегі тоқтағаны көрсетілген. Алайда марқұмдардың әкесі Мейрам Боханов қыздарының өліміне қатысты бұл қорытындыға күмән келтіріп отыр.

Оның айтуынша, қыздарының денесін Қазақстанға жеткізгеннен кейін жерлеу алдында ғана көрген.

"Жүрегі тоқтап қалды дейді. Біз олардың қалай өлгенін, қалай өлтіргенін білмейміз. Интернетте тарап жатқан ақпараттың бәрі өтірік. Сараптаманың қорытындысы шыққан кезде ғана бірнәрсе айтуға болады", – деді ол КТК телеарнасына берген сұхбатында.

Ақжан мен Жұлдыз өткен жылы жұмыс істеу үшін Шаржа қаласына барып, сұлулық салонына орналасқан. Кейін олардың денесі жалдамалы пәтерден табылған.

Оқиғадан соң қыздардың өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен бір адам ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Мейрам Бохановтың сөзінше, күдікті – Қазақстан азаматы.

Қазір істің нақты мән-жайы сараптама мен тергеу қорытындысынан кейін белгілі болмақ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу