freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БАӘ-де қалып қойған қазақстандық туристер елден көліктермен шығарылады

Қоғам
БАӘ-де қалып қойған қазақстандық туристер елден көліктермен шығарылады
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі отандастарға үндеу жариялады. Әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты жүздеген адам рейстердің тоқтатылуына тап болды. Азаматтардың елге оралуына көмектесу үшін дипломаттар Маскат (Оман) — Алматы (Қазақстан) бағыты бойынша екі арнайы эвакуациялық рейс дайындап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Елшілікте нақтылағандай, бұл рейстер БАӘ резиденті емес және өңірде турист немесе транзиттік жолаушы ретінде қалып қойған қазақстандықтарға арналған.

Сондай-ақ азаматтарға орын саны шектеулі екені ескертілді, сондықтан жолаушылар тізімі басымдық тәртібімен жасақталады.

Алдымен 28 ақпан – 1 наурыз күндеріне ұшуы жоспарланған, бірақ әуе кеңістігінің жабылуына байланысты ұша алмаған азаматтардың өтініштері қаралады.

Біріккен Араб Әмірліктерінде қалып қойған азаматтарды бірінші Оманға автобус және автокөлікпен жеткіземіз. Кейін ол жақтан ұшақпен Қазақстанға тасымалдаймыз. Қазәргі кезде БАӘ-де 3 мыңға жуық қазақстандық турист бар, - деді Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Рауан Жұмабек.

Басым санатқа мыналар енгізілді:

• еріп жүретін адамы жоқ зейнеткерлер;

• мүгедектігі бар адамдар (бір еріп жүрушімен);

• еріп жүретін адамы жоқ жүкті әйелдер;

• бес жасқа дейінгі балалар — бір ата-анасының еріп жүруімен.

«Тізімге енгізудің міндетті шарты — ағымдағы жылдың 28 ақпан – 1 наурыз күндеріне жарамсыз қалған әуе билетінің болуы», — деп атап өтті елшілікте.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу