freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Балқаш жағалауына демалушыларды шошытқан жүргізуші 10 күнге қамалды

Құқық
Балқаш жағалауына демалушыларды шошытқан жүргізуші 10 күнге қамалды
Видеодан скрин

Балқаш көлі жағалауындағы демалыс аумағына кіріп кетіп, жағажайда жатқан адамдардың тыныштығын бұзып, олардың өміріне қауіп төндірген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

-Полиция қызметкерлері Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Балқаш көлінің жағалауында, адамдар, соның ішінде кішкентай балалар шомылып жүрген кезде Mercedes-Benz автокөлігімен жүріп, адамдардың өміріне қауіп төндірген 40 жастағы жүргізушіні анықтады. Ол өз әрекетімен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген,-делінген хабарламада.

Құқық бұзушы Тараз қаласының тұрғыны Нұрлан Исаев болып шықты. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Полиция адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қойылып, кінәлілер заң талаптарына сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеді. 


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу