Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Басына қан құйылған қостанайлық дәрігердің жағдайы белгілі болды

Қоғам
Басына қан құйылған қостанайлық дәрігердің жағдайы белгілі болды

Денсаулық сақтау министрі соққыға жығылған дәрігердің жағдайын білуге барды, деп хабарлайды Malim.kz.

"Бас-ми жарақатын алған жас дәрігер Антон Кистанов психологиялық тұрғыда күйзеліп қалар ма екен деп іштей уайымдадым. Бірақ, Антон Николаевичтің қайта аяққа тұрып, өз жұмыс орнына оралсам деген табанды ниетін көріп, көңілім орнына түсті", - деп жазды Ақмарал Әлназарова.

Оқиға Қостанай облыстық ауруханасында болған еді. Хирург ота жасап, кейін қабылдау бөлімінде науқастарды қарауға барған. 

Кезекте тұрған бір пациент кенеттен дәрігерді ұрып, хирург жансақтау бөліміне түсті. 

Ол саниавиация бортымен Астанаға жеткізілді.  

Дәрігерді ұрған қостанайлық қамауға алынды.

Біз бұған дейін бас сүйегі сынып, миына қан құйылған дәрігер Қостанайда Астанаға жеткізілгені туралы жазған едік.

Фото: әлеуметтік желі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу