Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

Оқиға
Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

Батыс Қазақстан облысында прокурор өлі табылды. Бұл ақпаратты облыстық прокуратура растады, деп хабарлайды Malim.kz

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 8 мамырға қараған түні өз үйінің ауласында прокуратура қызметкері өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараған еді. Қайтыс болған адамның Теректі ауданының прокуроры қызметін атқарғаны хабарланған.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Облыс прокуратурасы осы жағдайға байланысты көңіл айтады, – делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу