freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

Оқиға •
Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 сәуір күні Бәйтерек ауданы аумағында Переметный-Белес жолында болды. Шамамен сағат 11.00-де Jac N56 және «ВАЗ-2110» көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жол апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Жеңіл автокөлікте 2008 және 2010 жылғы жасөспірімдер болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Полиция департаменті мерт болғандардың отбасыларына көңіл айта отырып, ата-аналардың балаларының қауіпсіздігіне мұқият қарауы керектігін еске салады, - деп хабарлады ведомстводан. 

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұмдардың бірі 2008, екіншісі 2010 жылғы, екеуі де – мектеп оқушылары. 

Фото: әлеуметтік желі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу