Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бейрутте Израиль шабуылынан қаза тапқандар саны 20-дан асты

Әлем
Бейрутте Израиль шабуылынан қаза тапқандар саны 20-дан асты

Ливан астанасы Бейруттың орталығында Израильдің әуе шабуылынан 20-дан астам адам қаза тауып, 60-тан астамы жарақат алды. BBC жазуынша, әуе соққысының салдарынан 8 қабатты тұрғын үй толығымен қираған, ал оның жанындағы бес ғимарат зақымдалған, деп хабарлайды Malim.kz.

Израиль «Хезболла» тобына қарсы операцияларын жалғастырып келеді. Сенбі күнгі шабуылдың мақсаты «Хезболланың» сыртқы қауіпсіздік қызметінің басшысы болуы мүмкін деп болжанған.

Бұл шабуыл осы аптада Бейруттың орталығына жасалған төртінші соққы болды. Кейін Израиль күштері Бейруттың оңтүстік аудандарына соққыларын жалғастырды, бұл аймақ «Хезболланың» негізгі тірегі деп есептеледі.

Фото: haqqin.az

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу