Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бекшин айтқан болжам орындалды

Сұқбат
Бекшин айтқан болжам орындалды

Бүгін Алматы эпидемиологиялық ахуал бойынша  "қызыл аймақтан" шығып, "сары аймаққа" енді. Осылайша қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің кеше "Алматы маусымның 1-і күні "сары аймаққа" енеді" деген сөзі орындалды.

Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола мен Қарағанды облыстары әлі де "қызыл аймақта".

Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысы "сары аймақта".

Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары "жасыл аймақта".

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мамырдың 31-і күні "ертең Алматы "сары аймаққа" өтеді" деген. Бұл туралы Бекшин блогер, коммуникациялар жөніндегі маман Әлішер Елікбаевқа берген сұхбатында айтты. Елікбаев осы үзіндіні Instagram-парақшасындағы сторизге салған.

Оқи отырыңыздар: Бекшин жаңа болжам жасады

Фото: primeminister.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу