Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бектенов: МӘМС-тегі жемқорлыққа кінәлілер жауапқа тартылады

Құқық
Бектенов: МӘМС-тегі жемқорлыққа кінәлілер жауапқа тартылады
Үкімет

Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесі 1 шілдеге дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне интеграциялануы керек. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында осындай тапсырма берді.

 Мемлекет басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы Үкіметтің шешімін қолдады. Тиісті тексерулер басталып кетті. Кінәлі адамдар жауапқа тартылады. Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесі осы жылдың 1 шілдесіне дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне интеграциялануға тиіс. Бұл қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді, - деді ол.

Премьер-министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі Ұлттық құрылтайда Үкіметке берген тапсырмалары тиісті деңгейде орындалуын тікелей өзі бақылайтынын ескертті.

- Әріптестер, Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары елімізді ауқымды жаңғыртудың бірыңғай ұзақмерзімді стратегиясымен үндесіп жатыр. Оларды жүзеге асыру барлық құрылымдардың нақты әрі үйлесімді жұмысына байланысты, - деді Үкімет басшысы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу