20 жастағы ер адам OpenAI компаниясының негізін қалаушы Сэм Альтманның үйіне жандырғыш қоспасы бар бөтелкені лақтырып, компанияның штаб-пәтерін өртеп жіберемін деп қорқытты. Вилла қақпасы өртенді, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Шабуылшы ұсталды, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі.
OpenAI компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Сэм Альтманның Сан-Францискодағы вилласына жұма, 10 сәуірде шабуыл жасалды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, 20 жастағы ер адам виллаға Молотов коктейлін лақтырып, салдарынан қақпа өртене бастады, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ.
Шабуылдаушы қашып кеткен, бірақ кейінірек ұсталды. Ол сондай-ақ компанияның Сан-Францискодағы штаб-пәтерін өртеп жіберемін деп қорқытқан.
Жергілікті San Francisco Chronicle басылымының мәліметінше, Алехандро Даниэль Морено-Гама есімді күдікті қамауға алынды.
Полиция оның ниеті түсініксіз екенін атап өтті. Осы арада жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін ChatGPT чат-ботын әзірлеуімен танымал OpenAI компаниясы және оның бас директоры Сэм Альтман соңғы уақытта бұл технологияны адамзатқа қауіп төндіреді деп санайтын жасанды интеллектке қарсы шыққандардың нысанасына айналды.