Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бес бүлдіршін қаза болған өрттің алдын ала себебі айтылды

Оқиға
Бес бүлдіршін қаза болған өрттің алдын ала себебі айтылды

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Батыс Қазақстан облысында бес баланың өмірін қиған қайғылы өрттің болжамды себебін атады. Вице-министрдің айтуынша, балалардың отпен ойнауынан өрт шығуы мүмкін.

Балалар ойнап жүріп, қандай да бір қауіпсіздік ережелерін бұзған болуы ықтимал. Қазір нақты себебін анықтау үшін сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл отбасы бұрыннан-ақ әкімдік есебінде тұрған, ондай отбасылар туралы барлық мәлімет біздің ведомствоға да беріледі. Біздің журналдарда олардың үйінде қыркүйек айында профилактикалық жұмыс жүргізілгені тіркелген. Алайда шамамен бір жарым ай бұрын олар басқа пәтерге көшіп кеткен, — деді Кеген Тұрсынбаев Сенат кулуарында.

Еске салсақ, 4 маусым күні Батыс Қазақстанда өрттен бір отбасынан бес бала көз жұмды.  

Фото: Pixabay.com

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу