Елордада биыл 23 мектеп құрылысы бітеді. Бұл – рекорд!

Әкімдік сол арқылы үшауысымды мектептер мәселесін шешпек

Мәди Саматұлы

  • 25.05.2024

Астанада жыл сайын бірінші сыныпқа 20 мыңнан астам оқушы келеді. Соған байланысты жаңа мектептер саны бірнеше есеге артқан. Қазір әкімдік 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 32 мектептің құрылысын жүргізіп жатыр. Оның ішінде жыл соңына дейін мектептердің рекордты санының құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның жазуынша, жыл соңына дейін 64 мыңға жуық оқушыға арналған 23 мектеп (2 ауысымды) салынады. Оның ішінде, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында – 15 мектеп (Есіл – 6, Нұра – 4, Алматы – 3, Сарыарқа – 2), тағы 5 мемлекеттік мектеп (Нұра – 2, Байқоңыр – 2, Алматы – 1), 3 жекеменшік (Есіл – 2, Алматы – 1) құрылысы бітеді.

Жаңа оқу жылының басында 32 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымда) арналған 12 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Олар – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 8 мектеп:

Есіл ауданы – 1 ауысымды 7800 оқушыға арналған 3 мектеп – Орынбор көшесі және №37 «SOHO» ТК, Мәңгілік Ел даңғылы және Е 497 көшесі, Қабанбай батыр және Сығанақ көшелері, «Поколение» ТК;

Нұра ауданы – 4000 оқушыға арналған 1 ауысымды 2 мектеп – Төле би көшесі мен 57 учаскесінің қиылысы («Зеленый квартал» ТҮК), Е127, Е368, Е418, Е535 көшесі (Қорғалжын тас жолы ауданы);

Сарыарқа ауданы – 4000 оқушы орнына арналған 1 ауысымды 2 мектеп – С-189 көшесі «Земляничная» саяжай алабы, Көктал елді мекені;

Алматы ауданы – 600 оқушыға арналған 1 ауысымды 1 мектеп (А.Байтұрсынұлы көшесі, №9).

Байқоңыр және Нұра аудандарында тағы 3 мемлекеттік мектеп:

Байқоңыр ауданында №12 мектеп және №27 мектеп-лицей аумағында қосымша жаңа ғимарат;

Сол сияқты Нұра ауданының №17 мектеп-гимназия аумағындағы жаңа қосымша ғимарат;

Сондай-ақ, Есіл ауданында Ұлы дала даңғылында (Арнау ТК) тағы бір жеке мектеп ашылады.

Осылайша, әкімдік 23 жаңа мектеп арқылы 6 мектепте үшауысымды оқу мәселесін, тағы 9 мектепте шамадан тыс режим мәселесін шешуді жоспарлап отыр.

Фото: әлеуметтік желіден

Байланысты жаналықтар

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025
MalimBlocks
Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды