Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын құттықтады

Мемлекет басшысы педагогтерге жасалып жатқан жағдайларға тоқталды

Мәди Саматұлы

  • 05.10.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген педагогтерге алғыс айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Сонымен қатар еліміздегі оқу-ағарту саласын дамыту жолында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Менің тапсырмаммен «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. Бұл құжат ұстаздардың заңды мүддесі мен құқықтарын қорғауға ықпал етті. Қазір мұғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысы айтарлықтай көбейді. Олар негізгі қызметіне кедергі келтіретін артық міндеттерден босатылды. Осы заңға сәйкес «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы енгізілді. Бұл – жай атақ емес, мәртебелі мемлекеттік награда, деді мемлекет басшысы.

Оның сөзінше, аталған мемлекеттік марапат иегеріне қомақты сыйақы беріледі. Республика бойынша 46 мұғалім осы наградаға ие болды. Сондай-ақ, қазір ұстаздарға академиялық дәрежесіне сәйкес үстемеақы төленіп жатыр.

Халықаралық олимпиада жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдерге қаржылай қолдау көрсетіледі. Педагог мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы 2,5 есе көбейді. 

Биыл болашақ ұстаздарды даярлау үшін 16 мыңға жуық грант бөлінді. Соның ішінде шамамен 1800 «Алтын белгі» иегері педагогика мамандығын таңдады. Президент бұл – өте жақсы үрдіс екенін атап өтті. 

Фото: Aqorda

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды