ҰБТ: гранттың 20%-ы тасқыннан зардап шеккен өңірлерге беріледі

Бірақ олар мамыр-шілде аралығындағы ҰБТ-ға қатысуға міндетті

Мәди Саматұлы

  • 06.07.2024

Ұлттық тестілеу орталығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) талапкерлері үшін маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Орталықтың хабарлауынша, аталған өңір талапкерлері егер негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинаса, онда қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижелерімен грант конкурсына қатысуға мүмкіндігі бар.

Осылайша, қалауы бойынша ең үздік ҰБТ нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады.

Мемлекеттік білім беру грантының конкурсына қатысу үшін мамыр-шілде аралығында өткізілген ҰБТ-ға қатысу міндетті. Су тасқынынан зардап шеккен аймақтың түлектері үшін мемлекеттік білім беру тапсырысының 20%-ы осы өңірлердің балаларына квота ретінде беріледі, дейді Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова.

Айта кетейік, 2024 жылы жалпы грант санының 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді. Бұл аймақтардан оқуға түсетіндер үшін грант конкурсына құжат қабылдау 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Фото: baq.kz

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

26.04.2025

Су тасқыны: Солтүстіктегі ауыл тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде

25.04.2025

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025
MalimBlocks