Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ел президенті Ицхак Герцогқа ресми түрде кешірім беру туралы өтініш жолдады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Мәлімдемеге сәйкес, өтініш екі құжаттан тұрады: премьердің адвокаты Амит Хадад қол қойған 111 беттен тұратын хат және Нетаньяху қол қойған жеке өтініш.
Президент әкімшілігі бұл сұраудың “ерекше әрі салмақты мәселе” екенін атап өтті. Қажетті пікірлер жинақталғаннан кейін президент өтінішті «жауапкершілікпен және адал қарастыратынын» мәлімдеді.
Нетаньяхуға қатысты үш сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр.