freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бір итке 74 мың, ал балаға 17 мың тг жәрдемақы беріп жатырмыз - Мәжіліс депутаты

Қоғам
Бір итке 74 мың, ал балаға 17 мың тг жәрдемақы беріп жатырмыз - Мәжіліс депутаты
Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау иесіз жануарлар мәселесін талқылау барысында бюджет саясатына қатысты маңызды пікір білдірді, , деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, бұл мәселе тек жануарлар санын реттеумен шектелмейді:

«Бұл – мемлекетіміздің бюджеттік басымдықтары мен құндылықтар жүйесін қайта қарауды талап ететін стратегиялық мәселе».

Депутат қазақ халқының жануарларға деген көзқарасын атап өтті:

«Қазақта «ит – жеті қазынаның бірі» деген ұғым бар. Біз жануарларға жанашыр халықпыз», - деді ол.

Сонымен қатар, Қазақстанда халықаралық тәжірибеге негізделген ОСВВ әдісі (аулау, стерилизациялау, вакцинациялау, қайта босату) қолданылып жатқанын айтты:

«Бұл – жануарларға қатыгездікке жол бермейтін прогрессивті әдіс».

Алайда Нұргүл Тау қаржылық шығындарға ерекше назар аударды. Оның дерегінше:

  • Бір итке орташа шығын – 74 000 теңге
  • Бір мысыққа – 57 000 теңге

«Бір итті стерилизациялау – 24 010 теңге, кастрация – 17 244 теңге, вакцинация – 7 713 теңге. Нәтижесінде, бір жануарға кететін шығын айтарлықтай жоғары», - дейді мәжілісмен.

Бұл көрсеткіштерді әлеуметтік төлемдермен салыстырған депутат айырмашылықты атап өтті:

«Біз бір жануарға 57-74 мың теңге жұмсап отырмыз, ал бір балаға ай сайын шамамен 17 мың теңге ғана төленеді».

Оның айтуынша, мектептердегі тамақтану мәселесі де өзекті:

«Бір баланы тамақтандыру күніне 460-470 теңгеден аспайды. Бұл – адами капитал сапасына әсер етеді», - дейді мәжілісмен.

Депутат мәселені «жануар немесе адам» деп қарауға болмайтынын айтты:

«Бастысы – дұрыс теңгерім. Біз әрі гуманистік, әрі әлеуметтік әділетті саясат жүргізуіміз керек», - дейді ол.

Сөз соңында Нұргүл Тау үкіметке ұсыныс жасады:

«Иесіз жануарларға бөлінетін шығындарды қысқартып, балаларға бағытталған қолдауды арттыру қажет», - дейді депутат.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу