Берлиндегі "Шарите" клиникасында әйел бес бала босанды.
Бұл туралы DW - Неміс толқыны басылымы жазыпты.
Басылым, бірден бес бала табудың өте сирек құбылыс екенін жазады. "Шарите" клиникасының мәліметінше, мұндай кезде баланы табиғи жолмен босану тек 50 миллионның біреуінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Сондықтан, бес балаға жүкті әйелді босандыруға медицинаның әр саласының өкілінен - 25 медиктен тұратын жасақ құрылған. Уақыты келгенде кесарь тілігі арқылы босандырып алған екен. Қазір балалар мен олардың анасының жағдайы жақсы дейді Berliner Morgenpost газеті. Сәбилер бақылауға алынған. Олар қажетінше әлденіп алған соң үйіне жіберіледі.