Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бірнеше ауру тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енді

Сұқбат
Бірнеше ауру тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енді

Қазақстанда бірнеше ауру түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қатарынан алынып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енді. Енді муковисцидоз, мукополисахардиоз, гипофиз нанизмі, миастения, бауыр-ми дистрофиясы, гипофиздің гормональді ісіктері, акремелгалия, ерте жыныстық даму тәрізді аурулар бойынша тегін медициналық көмек пен дәрі-дәрмек беріледі.

Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиал жетекшісі Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі жоғарыда аты аталған аурулар әлеуметтік маңызды сырқаттар тізіміне кіргізіп, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жайлы бұйрыққа өзгерістер енгізген.

Сонымен қатар ол жыл басынан бері астананың өзінде ғана 190 313 науқасқа жалпы сомас 9,12 миллиард теңгеге тең 680 381 тегін рецепт берілгенін жеткізді. Олардың арасында балаларға да бірқатар ауру бойынша тегін дәрі-дәрмек берілген. Атап айтқанда, жедел распираторлық-вирустық инфекция бойынша 10 173 балаға, анемия бойынша 782 балаға, рахит бойынша 548 балаға, пневмония бойынша 2183 балаға, синусит пен аденид ауруы бойынша 525 балаға тегін дәрі-дәрмекке рецепт берілген.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу