Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Биылдыққа елімізде 41 есірткі жеткізу арнасы мен 16 зертханасы жойылған

Құқық
Биылдыққа елімізде 41 есірткі жеткізу арнасы мен 16 зертханасы жойылған

1987 жылы 26 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы осы күнді Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні деп жариялады. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың басынан бері комитет есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 96 операция, оның ішінде 23-ін шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен бірлесіп жүргізген. Нәтижесінде 24 халықаралық және 17 аймақтық есірткі жеткізу арнасы, сондай-ақ, 16 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылған.

Заңсыз айналымнан 1,3 тоннадан астам есірткі құралдары мен психотроптық заттар, 4,6 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 13,6 тонна химиялық реагенттер алынған.

«Қара нарықта» алынған есірткінің құны шамамен 17 млрд теңгеге бағаланады, ал айналымға жіберілген көлем шамамен бір реттік 5 млн дозаны құрайды, деп жазды ҰҚК.

Комитет деректері бойынша қазақстандық және шетелдік 54 азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, ҰҚК Шекара қызметі халықаралық қатынас жолдарында есірткі құралдарын тасымалдаудың 200-ден астам әрекетінің жолын кескен. Заңсыз айналымнан 790 кг астам есірткі және психотроптық заттар алынған.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу