Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҚО-да 25 тұрғын үйдің адамы мәдениет үйіне көшіп барды

Сұқбат
БҚО-да 25 тұрғын үйдің адамы мәдениет үйіне көшіп барды

Жиынға үкімет мүшелерінен бөлек, су тасқыны қаупі бар облыстардын әкімдері қатысып, өңірлердегі су басу қаупіне дайындық туралы есеп берді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің бүгінгі ақпаратына сәйкес қазір елімізде су басу қауіпі сақталған 227 елді мекен бар. Олардың басым бөлігі солтүстік және батыс өңірлерде. Бұл жағдайдың негізінен үш себебі бар: қарды уақытылы шығармау, тазартылмаған арықтар мен еріген сулар.

Үкімет отырысында құтқарушылардың жұмыс ережесін таныстырған министр Ильин 2017 жылы елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралардың жол картасы бекітілгенін айта кетті. Ол бойынша өткен жылдан бастап, іске асырылған жұмыстар арқасында су басу қаупі бар 1010 елді мекен саны 227 елді мекенге дейін қысқарған.

Биыл күннің күрт жылынуының бірінші толқыны ШҚО, БҚО және Атырау облыстарында байқалған. Соның салдарынан өңірлерде 3 автомобиль жолдарын су басқан. Құтқарушылар жолда қалып қойған адамдарды су ортасынан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізген. Одан бөлек, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында еріген қар суының астында қалған халық эвакуацияланған. Павлодар да тек екі тұрғын үй болса, БҚО-да 25 тұрғын үйдің адамы мәдениет үйіне көшірілген.

Өңір басшыларына арықтар мен кәріздерді тазалап, елді мекендердегі қар шығару жұмыстарын қадағалау туралы және су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру туралы тапсырма берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу