Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҚО-да экономикалық қылмыстар бойынша 1,6 млрд теңге залал келтірілген

Құқық
БҚО-да экономикалық қылмыстар бойынша 1,6 млрд теңге залал келтірілген
Kazinform

Батыс Қазақстан облысында өткен жылы экономикалық саладағы 32 қылмыстық іс тіркелген.

БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Азамат Ахметовтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, келтірілген залал көлемі 1,6 млрд теңгеден асты.

Азамат Болатұлының сөзіне қарағанда, аталған істер бойынша барлығы 41 адам күдікті деп танылды.

- Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында залалды өндіруді қамтамасыз ету мақсатында күдіктілер мен олармен үлестес адамдардың мүлкіне 1,7 астам млрд теңгеге тыйым салынды. Өз еріктерімен 262,5 млн теңге өндірілді. 304 млн теңгенің мүлкі тәркіленді. Қазіргі таңда соттарда 8 қылмыстық іс қаралып жатыр. Бұл істер бойынша 200 млн астам теңгенің мүлкіне тыйым салынған. Тұрғындардың қаржылық тұрақтылығына және өңірдің экономикалық қауіпсіздігіне байланысты басым бағыттар ұдайы назарда, - деді А.Ахметов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу