Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҚО-да Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы парамен ұсталды

Құқық
БҚО-да Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы парамен ұсталды
pixabay.com

ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті. Бұл туралы құқық қорғау органының баспасөз қызметі мәлім етті.

 Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

— Көрсетілген тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен. Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыда құжатта көрсетілген, — делінген хабарламада. 

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрд теңгені құрады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Былтыр Қазақстанда 20 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылған болатын. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу