Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҚО-да ресейлік әйелге найзағай түсіп, қаза болды

Қоғам
БҚО-да ресейлік әйелге найзағай түсіп, қаза болды

Батыс Қазақстан облысында 40 жастағы әйелге найзағай түсіп, салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Mgorod.kz сайтының мәліметінше, 7 шілдеде сағат 17:00-де Теректі ауданындағы Шалқар көлінің жағасында демалып жатқан әйелге найзағай түскен. Салдарынан Ресейдің 40 жастағы азаматы оқиға орнында қаза тапты.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оның қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.

Сағат 17:13-те Сарыөмір кентінің дәрігерлік амбулаториясының кезекшісіне «Шалқар демалыс аймағында 1984 жылы туған әйелге найзағай түсті» деген шақырту келіп түсті. Оқиға орнына барған фельдшер әйелдің қайтыс болғанын мәлімдеді. Қазаның себебін сот-медициналық сараптама анықтайды, – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетсек, кеше БҚО-да күннің екінші жартысында қатты дауыл соғып, екпінді жел ағаштарды құлатып, бірнеше үйдің шатырларын ұшырып әкеткен.

Жүздеген тұрғын жарықсыз қалған.

Фото: pxhere

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу