Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҚО-да су тасқыны болған аумақтар түгел дезинфекцияланды

Қоғам
БҚО-да су тасқыны болған аумақтар түгел дезинфекцияланды

БҚО-да су тасқынынан кейін дезинфекциялау жұмыстары толық жүргізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс әкімдігінің мәлімдеуінше, су тасқынынан зардап шеккен Бәйтерек, Қаратөбе, Бөрлі, Теректі, Сырым аудандарында және Орал қаласындағы саяжайларда дезинфекция жұмыстары толық аяқталған.

Нәтижесінде су тасқыны болған 7 мыңға жуық нысанға, оның ішінде тұрғын үйлерге, әлеуметтік нысандарға, су құбырларына дезинфекция жүргізілді. Кейін су құбырларынан ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау жүргізілді. Нәтижелер нормативке сәйкес келді, деп жазылған әкімдіктің ресми мәлімдемесінде.

Төтенше жағдайлар мамандарымен қатар, дезинфекция жұмыстарын жүргізуге Жамбыл мен Ақтөбе облыстарынан келген әскери мамандар да көмектескен.

Фото: БҚО әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу