Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бүгіннен бастап жол ережесін бұзғандарға жаңа айыппұл салынады

Құқық
Бүгіннен бастап жол ережесін бұзғандарға жаңа айыппұл салынады

13 наурыздан бастап Қазақстанда Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сонымен жаңа ережелер:

  • Көлік салонынан басын шығару, есікті қозғалыс кезінде ашу немесе жүксалғышта отыру – 10 АЕК (шамамен 40 мың теңге). Бұл жаза жүргізушілерге де, жолаушыларға да қолданылады.
  • Мүгедектігі бар жүргізушілердің қарама-қарсы жолаққа шығуы – 30 АЕК (118 мың теңге). Бұрын мұндай жаза қарастырылмаған.
  • Теміржол өткелінен өту ережесін бұзғаны үшін айыппұл 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін өсті.
  • Жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегендер үшін жаза үш есеге өсті – 7 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін, қайталанған жағдайда – 40 АЕК.
  • Жол-көлік оқиғасына (ЖКО) себепші болып, қарама-қарсы жолаққа шыққан жүргізушілер бұрын 6 айға құқығынан айырылса, енді 9 айға айырылатын болды.

Жеңілдетілген жазалар:

  • ЖКО-да зардап шеккендер болмаса, бұрын 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылса, енді 20 АЕК (78 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.
  • Төленбеген тұрақ үшін айыппұл 3 АЕК-тен 4 мың теңгеге дейін төмендетілді.
  • Жаңа өзгерістер жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу