Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бурабайда ресейлік азаматша жұмбақ жағдайда қайтыс болды  

Сұқбат
Бурабайда ресейлік азаматша жұмбақ жағдайда қайтыс болды  

11 наурыз күні таңғы сағат жетіде Щучинск қаласында Балдәурен лагерінің маңында әйел адамның денесі табылды. Бұл туралы @aqmolive жазды.

1997 жылы туған Татьяна Михайлова түскі уақытта қаңғыбас иттерді тамақтандыруға шығып кеткен. Ол РФ азаматы, соңғы екі жылда Щучинск қаласында тұрғаны анықталды.

«Денесінде зорлық–зомбылық ізі жоқ. Азаматшаның денесі мамандандырылған ауданарлық сотқа жолданды», – делінген хабарламада. 

Бірге тұрған азаматтың сөзінше, Татьяна сағат 19:00 шамасында қоңырау шалып, ыстық ванна дайындап қоюын өтінген. Қатты тоңғанын, жақын уақытта үйге қайтатынын айтқан. Алайда бұдан кейін азаматша байланысқа шықпаған. Алкогольдік ішімдікке әуестігі болмағаны, есепте тұрмағаны белгілі болды. 

 

Фото: ашық дереккөзден

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу