Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бұршақ, жаңбыр, найзағай: синоптиктер ескертеді

Қоғам
Бұршақ, жаңбыр, найзағай: синоптиктер ескертеді

«Қазгидромет» баспасөз қызметі бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктер болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Елдің батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек республиканың орталығында жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі, оңтүстік-батысында бұршақ жауады, шығысында түнде көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі, — делінген хабарламада.

Фото: pixabay.com


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу