Айтатын сылтау көп. Мақсат Толықбай фонограммамен ән айтуға тыйым салуды ұсынды

Сабина Асқарқызы

  • 26.02.2025

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай заңға фонограммамен ән айтуға тыйым салуды енгізгенімен, министрлік қолдамай отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, онсыз да фонограмманы пайдаланған кезде концерт ұйымдастырушылар ол туралы көрерменге хабарлауға мәндетті. Бірақ ол ереже бізде мүлдем жұмыс істемейді. Сондықтан заң жобасында фонограмманы тыйым салуға бағытталған түзетулер енгізуді ұсындық. Бірақ мәдениет министрлігі оны қолдап отырған жоқ. Айтатын сылтау көп. Әсіресе өңірлерде техникалық құралдардың 70 пайызы тозған дейді. Жарайды деп, норманы тағы жеңілдетіп, “концерт залы техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілсе, фонограмманы пайдалануға тыйым салынады” дедік. Бірақ бұл норма да өткен жоқ. Бірақ көрермен ақшасын төлеп, концертке барып отырғаннан кейін неге фонограммамен тыңдауы керек? Бұл талап орынды деп санаймыз. Екінші сылтау – дыбыс режиссерлері жетіспейді. Енді сұраныс болмаса әрине жетпейді,- дейді Мақсат Толықбай. 

Осы сұраққа жауап берген Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов бұл мәселеге қатысты бірнеше жұмыс тобы өткенін, қызу талқылау жүргенін айтты. 

Біз тек мемлекеттік орган ретінде емес, мүдделі мамандарды да тартып, олардың ойын ескердік. Негізі Ринат Зайытовтың төрағалығымен өткен отырыста біз бір мәселеге тоқталдық. Барлық мүдделі ададмардың басын біріктіріп, ашық талқылауды қажет етеді деп келістік. 11 наурызда шоу бизнес, мәдениет өкілдерімен осы мәселені талқылаймыз. Мәжілістің екінші оқылымына дейін бір шешімге дейін келеміз деп ойлаймын, - дейді вице-министр.

Фото: parlam.kz

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

Көпшілікке оның өзін-өзі ұстауы ұнамаған.

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды